Су тасқынына қарсы шаралар: Ақтөбеде су нысандары әуе шолуы арқылы бақыланды

АСТАНА. KAZINFORM — Су тасқынына қарсы шаралар аясында әуе кемесінің қатысуымен авиациялық шолу жүргізілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Су тасқынына қарсы шаралар: Ақтөбеде қауіпсіздік бақылауы күшейтілді
Фото: ТЖМ

Ведомство мәліметінше, оның барысында су қоймаларын кешенді тексеру ұйымдастырылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, облыс прокуроры, ТЖД басшылығы және «Қазсушар» РМК өкілдері Ақтөбе, Қарғалы және Мағаджан су қоймаларының су жинау аймақтарын жергілікті бақылау мен әуе мониторингін жүргізді.

Су тасқынына қарсы шаралар: Ақтөбеде қауіпсіздік бақылауы күшейтілді
Фото: ТЖМ

— Сондай-ақ тексеру тобы Ырғыз ауданы аумағын да әуе шолуымен қарап шықты. Арнайы назар гидротехникалық нысандардың жағдайына, қар қаптамасының деңгейіне, сондай-ақ өзендердің салаларының жағдайына аударылды, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Су тасқынына қарсы шаралар: Ақтөбеде қауіпсіздік бақылауы күшейтілді
Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын Ақтөбе қаласында тасқынға қарсы күрес жұмыстарына 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум