Су тасқыны кезінде зардап шеккендерге бюджеттен тек 19 миллион теңге беріледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Баспанасы суда қалып, мүлкі бүлінген ақтөбеліктерге бюджеттен тек 19 миллион теңге төленеді. Себебі, табиғат апатынан зардап шеккендердің көбінің құжаты жоқ, олар мүліктің өздеріне тиесілі екенін дәлелдей алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласындағы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары әлі жалғасып жатыр. Негізгі шығын қайырымды жандардың көмегімен жабылды. Әсіресе, «Қолқанат Ақтөбе» қорына 168 миллион теңге түсіп, қазіргі уақытта баспанасы қирап қалған 89 отбасы жаңа ауданда тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, демеушілер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүгедек жандарға 30 пәтер алып берді.

«Отбасында мүгедек адам бар болса, демеушілердің көмегімен оларға тегін үй берілді. Үй салуға мүмкіндігі бар адамдарға жер берілді. Негізінен 1 мыңға жуық үйге су кірген. Барлығы 110 үй құлады. Олардың 89-ына жер беріліп, 20-ы баспаналы болды. 9 отбасыға уақытша пәтер берілді. Сонымен қатар, 587 отбасының шығыны жабылды. Кей адамдар шығыннан бас тартып, саяжайдағы жердің статусын өзгертіп, тұрғын үйге арналған жер ретінде ауыстырып алды. Адамдардың қолында мүліктің өздеріне тиесілі екенін дәлелдейтін құжат болмады. Шығынды ресми өндіру үшін бағалау актісін алу керек. Бағалау жүргізу үшін мүлік құжаты болуы шарт. Қазіргі күні тек 19 миллион теңгенің шығыны анықталып отыр. Біз бұл қаржыны бюджеттен төлейміз»,- деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Айта кетейік, қазір Ақтөбедегі су тасқынынан соң Қурайлы, Сазды, Өрлеу, Қызылжар ауылдарында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бірқатар бау-бақша ұжымдарындағы үйлерді көшіру жоспарда бар.

1

2

Соңғы жаңалықтар