04:50, 10 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Суданда әскери ұшақ құлап, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Суданда Ил-76 әскери жүк ұшағы құлап, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Ил-76 ұшағы техникалық ақау пайда болғаннан кейін Қызыл теңіз жағасындағы Порт-Судан қаласындағы «Осман Дигна» авиабазасына қонуға талпынған кезде құлады», делінген хабарламада.
Дереккөз сондай-ақ экипаждың барлық мүшесі қаза тапқанын нақтылағанымен ұшақ бортында болғандардың нақты санын келтірмеген.
Айта кетейік, АҚШ әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы Калифорния штатының Сан-Бернардино округінде апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз.