Суға секіруден әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірім құрамасының тізімі жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан құрамасы суға секіруден Хорватияның Риека қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады.
Алдағы әлем біріншілігінде Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды. Құрама сапына Эмиль Касимов, Илларион Авченко және Александр Подлесный енді.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 21-28 тамыз аралығында өтеді.
Мажарстанда өтетін дзюдодан Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайтынын жазған едік.
Қазақстан таеквондодан Пәкістандағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды.