SUP-бордпен сырғанап жүрген 6 адам құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ қызметкерлері SUP-бордпен сырғанап жүрген 6 адамды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

SUP-бордпен сырғанап жүрген 6 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Ақтау қаласы 4а шағын ауданы маңында Каспий теңізінде SUP-бордпен сырғанап жүрген 6 адамды жел жағадан 300 м қашықтықта алып кеткен.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері адамдарды жүзіп барып, оны жағаға қайықпен аман-есен жеткізді. 

Айта кетелік Іле Алатауында жарақат алған турист құтқарылған еді

 

Соңғы жаңалықтар