Тағы бір түрік әуе компаниясы ұшақ бортында пауэрбанктерге тыйым салды: жолаушылар нені білуі керек

АСТАНА. KAZINFORM — AJet әуе компаниясы пауэрбанктер мен қуаттағышы бар басқа құрылғыларды ұшақ бортында алып жүруге шектеу енгізген түрік тасымалдаушыларының қатарына қосылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тағы бір түрік әуе компаниясы ұшақ бортында пауэрбанктерге тыйым салды: жолаушылар нені білуі керек
Фото: www.trthaber.com

Бұл шешім Түркияның Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасының (SHGM) ұсынымдарына сәйкес қабылданды.

Енді түрік лоукостері AJet жолаушыларына қол жүгінде портативті қуаттау құрылғыларын, электронды темекілерді, қосалқы және сыртқы аккумуляторларды алып өтуге тыйым салынады. Мұндай шектеу ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, өйткені литий батареяларының ұшақ салонында тұтану және қызып кету қаупі бар.

Бұған дейін осындай шараларды Turkish Airlines қоса алғанда, Түркияның ең ірі әуе тасымалдаушылары енгізген болатын. Осылайша, бұл тыйым аймақтағы барған сайын көбірек әуе компанияларын қамтып жатыр.

Жолаушыларға рейс алдында әуежайда түсініспеушілік пен отырғызу кезінде кешігулерге жол бермеу үшін электроника мен аккумуляторларды тасымалдау ережелерін алдын ала нақтылап алуға кеңес беріледі.

Сондай-ақ, жаңа талаптарды бұзу құрылғының тәркіленуіне немесе тасымалдаудан бас тартуға әкелуі мүмкін екенін есте сақтау маңызды.

Алдағы уақытта ұқсас шаралар авиациялық қауіпсіздікті күшейту үрдісіне ілесіп, басқа әуе компаниялар тарапынан да қабылдануы мүмкін.

Бұған дейін біз Pegasus Airlines ұшу кезінде пауэрбанктерді пайдалануға тыйым салғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар