Тайланд мина жарылысынан кейін Камбоджамен бейбіт келісімді тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM — Тайланд көршілес Камбоджамен АҚШ-тың араағайындығымен жасалған бейбіт келісімді жүзеге асыруды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Aljazeera.

Камбоджа мен Тайланд
Коллаж: Kazinform/ Freepik

Бұл жағдай шекара маңында болған мина жарылысынан тайландтық екі жауынгердің зардап шеккенінен кейін қалыптасып отыр.

Тайланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракул дүйсенбі күні болған оқиғадан кейін, бітім шеңберінде атқарылуы тиіс барлық әрекеттер Тайландтың талаптары орындалғанға дейін тоқтатылатынын мәлімдеді. Бірақ ол талаптар әзірге нақтыланбаған.

«Біздің ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты дұшпандық пиғыл біз күткендей азайған жоқ», деді Анутин.

Ол Таиланд талаптарының нақты нені қамтитынын да ашып айтпады. Ал бұл көршілес елдің мұндай шешіміне Камбоджа үкіметі әлі ешқандай жауап қатпады.

Айта кетейік, Тайланд кейбір провинциялардағы Камбоджамен арадағы шекараны жапты

Сондай-ақ Тайланд премьер-министрі Камбоджа басшысымен телефонмен тілдескеннен кейін қызметінен босатылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар