Талдықорған маңында жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM –  Астана уақыты бойынша сағат 16:01 минутта Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Талдықорған маңында жер сілкінді
Фото: oxu.az

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 мин жер сілкінісі тіркелді.

— Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км. жерде орналасқан, — делінген хабарламада.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталып жатыр.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Еске салсақ 10 мамыр күні Алматы маңында жер сілкінген еді

Соңғы жаңалықтар