Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы басталды.

Шерзат сот
Фото: Берік Ақтан

Сот Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Судья - Ержан Жанұзақов. Сот залында Шерзат Полаттың отбасы да бар. 

Шерзат
Фото: Берік Ақтан

Еске салайық, биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. 

сот
Фото: Берік Ақтан

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазғанбыз. 

сот
Фото: Берік Ақтан

Кейін ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

сот
Фото: Берік Ақтан

15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен қуылды. 

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды. 

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты. 

Соңғы жаңалықтар