Талдықорғандағы жер сілкінісі: ғимараттар зақымданбаған

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. 

Талдықорғандағы жер сілкінісі: ғимараттар зақымданбаған
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

— Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — делінген ТЖМ хабарламасында. 

Талдықорған маңында тіркелген жер сілкінісіне байланысты Жетісу облысы ТЖД тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты.

Мамандар келесі нөмір арқылы кеңес беруге және сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: 8 (7282) 32-44-36.

ТЖМ жедел қызметтері жергілікті атқарушы органдарды, полицияны және басқа да бейінді қызметтерді хабардар етті.

Айта кетелік бүгін Астана уақыты бойынша сағат 16:01 минутта Талдықорған маңында жер сілкінген еді.

ТЖМ мәліметінше жер сілкінісі Талдықорған қаласыда — 4.0 балл, Балпық-Би ауылында — 4.0 балл, Қарабұлақ кенті — 3.0 балл, Үштөбе қаласында — 3.0 балл, Текели қаласында — 2.0 балл, Сарыөзек ауылында — 2.0 балл болған.

 

 

Соңғы жаңалықтар