Талдықорған полицейлері пәтер ұрысының үйінен жарылғыш зат тапты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған ІІБ-ның қылмыстық іздеу қызметкерлері 33 жастағы күдіктінің үйін тінту кезінде ұрланған заттардан басқа жасырын жерде ішіне жарылғыш заттар салынған полиэтилен пакетін тапты.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, полицейлер күдіктінің үйінен табылған тоғыз тротил табақшасын сараптамаға жіберді. Ұрланған заттардың бір бөлігі қылмыстық іс материалдарына айғақ дәлелдер ретінде қатыстырылды.

Жарылғыш заттарды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың үш пәтер ұрлығына қатысы бар екені расталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram