Талдықорған тұрғыны 85 жастағы әйелді соққыға жығып, оның өліміне себепкер болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 11 қаңтардан 12-сіне қараған түні Алматы облыстық ауруханасында қатігездікпен соққыға жығылған егде әйел жеткізілді. Ауыр жарақат алған ол есін жимастан, жансақтау бөлімінде өмірімен қоштасты. Бұл туралы Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәрігерлердің хабарламасына жедел ден қойған полицейлер көп кешікпей 1930 жылы туылған жәбірленушіні қатыгездікпен ұрып-соққан 50 жастағы ер адамды қолға түсірді. Оны әйел пәтерін жөндету үшін жалдаған болып шықты.

Іздестіру шараларын ұйымдастырған талдықорғандық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Қазір ер адам қалалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ол берген айғақтарында бұл қылмысты жасауына пәтер иесі мен екеуінің арасында жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты келіспеушілік себеп болғанын мойындады.

Жанжал барысында ол өз-өзін ұстай алмай әжейді жұдырықтың астына алған. Ауыр дене жарақаттары салдарынан ол ауруханада көз жұмды.

Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша полиция ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар
telegram