09:37, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Талдықорғанда өткен жылы ауылшаруашылық өнімдердің жалпы көлемі 1,5 млрд. теңгеге артты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауылшаруашылық өнімдердің жалпы көлемі 6 млрд. теңгені құрады.

Бұл 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге артық. Бұл туралы халық алдында есеп беру кезінде Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, өсімдік шаруашылығында барлық ауылшаруашылық дақылдарды егу жоспарында қарастырылған жұмыстарды орындау қамтамасыз етілді. Мал шаруашылығында мал және құстың барлық түрлерінің саны көбейтілді, сәйкесінше ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артты.
«Сыбаға» бағдарламасының аясында шаруа қожалықтары 27 млн. теңгеге ірі қара малдың төлдейтін 180 басын сатып алды.