Талдықорғанда пəтер ұрылары қолға түсті

Жедел алдын алу шаралары барысында бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен үш ер адам анықталып, ұсталды.
30-40 жас аралығындағы тұлғалар уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Олардың үшеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Күдіктілердің берген түсініктемелері бойынша ұрланған заттар Алматы қаласының маңайында сатылған. Талдықорған қаласынан әкетіп үлгермеген зергерлік бұйымдардың жартысы ұсталғандардың тұрған жерлерінде тексеру барысында табылып тәркіленді. Олар қылмыстық өндірістің материалдарына заттай айғақ ретінде тіркелді.
ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше, аталған факт бойынша тергеу жалғасуда. Талдықорған қаласының полицейлері күдіктілердің облыс аумағында орын алған, ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.