21:37, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Талдықорғанда полиция аула тазалаушыларға қысқы күрте тарату флешмобын ұйымдастырды (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған полицейлері әлеуметтік сала қызметкерлеріне қысқы күртелер таратты. Шара Алматы облысының үш қаласында - Қапшағай, Талдықорған және Текеліде ендірілген «Көрші бақылауында» полиция жобасы аясында ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, облыс полицейлері әлеуметтік сала қызметкерлеріне шамамен 300 қысқы күрте, 300 сөмке, 250-ден астам бейсболка, 300 қойын дәптер ұсынды. Онда сенім телефондары көрсетілген.
Флешмобта концерттік шаралар да ұйымдастырылды.