Талғар аудандық Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Талғар аудандық Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

Талғар аудандық полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Талғар аудандық Полиция басқармасы

ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы болып полиция подполковнигі Айдар Әбдікерімұлы Омаров тағайындалды.

Осыған дейін Алматы облысы Полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болғаны туралы жазған едік. Полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына Абдунур Тасыбаев және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығына Байжан Сатылғанов тағайындалған болатын. 

Сондай-ақ Алматы облысында полиция бастығының 2 орынбасары тағайындалғанын жазғанбыз. 

Ал қазан айында Мейрам Әбікеев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болды. 

Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар