Талғар ауданының Полиция басқармасына жаңа басшы келді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Асхат Бекенов тағайындалды.

Полковник Асхат Бекенов 1980 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды заң институтын тәмәмдаған. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді. Мансабын Павлодар облысы Қашыр АІІБ жедел уәкілі қызметінен бастаған.
Лауазымға тағайындалғанға дейін Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Бұған дейін Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы қызметін Айдар Омаров атқарды.
Сонымен қатар Алматы облысы Полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болғаны туралы жазған едік. Полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына Абдунур Тасыбаев және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығына Байжан Сатылғанов тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Алматы облысында полиция бастығының 2 орынбасары тағайындалғанын жазғанбыз.
Ал қазан айында Мейрам Әбікеев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болды.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.