Талғарда мүгедектігі бар балалардың ата-анасынан паспорт үшін мемлекеттік баж талап еткен

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысының Талғар ауданында заң бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылған азаматтардан ақша заңсыз өндірілген. Прокуратура мұндай жағдайларды анықтап, 18 азаматқа қаражатты толық қайтару шараларын қолға алды.

Талғарда мүгедектігі бар балалардың ата-анасынан паспорт үшін мемлекеттік баж талап еткен
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Атап айтқанда, паспортты ауыстыру кезінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан және заң бойынша мемлекеттік баж төлеуге міндетті емес өзге де азаматтардан ақша негізсіз талап етілген.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Заңсыз алынған қаражат азаматтарға толық көлемде қайтарылады.

Сонымен қатар осындай заң бұзушылықтардың басқа да жағдайларын анықтау үшін тексеру басталды.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл құжаттарды 1,5 млн-нан астам азамат алғанын жазған едік.