Танымал сәулет ескерткіштерінің «егіздерін» қайдан көруге болады

АСТАНА. KAZINFORM – Франциядағы Лувр музейіндегі ұрлық оқиғасы мен Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың әлеуметтік желіде жазған ирониялық жазбасынан кейін желі қолданушылары әлемдегі әйгілі нысандардың «көшірмелеріне» қызығушылық таныта бастады. Kazinform әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан ең танымал сәулет туындыларының «егіздері» туралы баяндайды.

"Статуя Свободы" в Париже
Фото: frenchmoments.eu

Париждегі «Бостандық мүсіні»

1886 жылы ашылған Нью-Йорктегі Бостандық мүсіні АҚШ-тың ең танымал символдарының бірі. Бұл ескерткіш - Францияның АҚШ халқына достық белгісі ретінде сыйға тартқан туындысы.

Ал 1889 жылы Парижде оның 11,5 метрлік шағын көшірмесі орнатылды. Бұл сыйлық Француз революциясының жүз жылдығына арналды.

АҚШ-тағы «Стоунхендж»

«Стоунхендж» в США  
Фото: atlasobscura.com

Ағылшын Уилтшир графтығындағы түпнұсқа Стоунхенджге шамамен бес мың жыл болған. Оның әлем бойынша бірнеше көшірмесі бар. Солардың бірі — Вирджиния штатындағы «Фоамхендж», яғни полистиролдан жасалған толық өлшемдегі нұсқа. Ол 2004 жылы 1 сәуірде әзіл ретінде салынып, туристердің сүйікті орнына айналған.

Кубадағы «Капитолий»

АҚШ Капитолийінің іргетасы 1793 жылы Джордж Вашингтонның қатысуымен қаланған.

«Капитолий» на Кубе
Фото: X/@enciclopedia_cu

Ал Гаванадағы Куба Капитолийі — түпнұсқаға ең дәл келетін көшірмелердің бірі. 1926-1929 жылдары салынған ғимарат бастапқыда парламент үйі болған, кейін ғылым академиясы мен ұлттық кітапхана орналасқан. 2018 жылдан бастап мұнда Куба халық билігі Ұлттық ассамблеясы өз мәжілістерін өткізеді.

Макаодағы «Колизей»

Б.з. 80 жылы тұрғызылған Рим Колизейі — ежелгі сәулет өнерінің ұлы туындысы.

«Коллизей» в Макао
Фото: X/@TOItravel

Ал оның шағын көшірмесі Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы Макаода орналасқан. 2 000 адамға арналған амфитеатр концерттер мен мәдени шаралар өткізуге пайдаланылады. Ғимарат түпнұсқаның бейнесін дәл сақтап, тіпті VII ғасырдағы жер сілкінісінен кейінгі «жарылған» бөліктерін де қайталаған.

Португалиядағы «Құтқарушы Христос мүсіні»

Рио-де-Жанейродағы атақты Христос мүсіні 1931 жылы тұрғызылған. Оның ең танымал көшірмесі Португалияның Алмада қаласында, Лиссабон маңында орналасқан.

«Статуя Христа-Искупителя» в Португалии
Фото: X/@soaplord77

1959 жылы ашылған Христос-Патша қасиетті мекені 28 метр биіктікте, ал тұғыры 82 метрді құрайды. Ол да өз қаласының үстінен көрініп тұратын биік нысан саналады.

Ханчжоудағы «Эйфель мұнарасы»

Қытайдың Ханчжоу қаласы маңында Париждің рухы сезіледі. Мұнда 108 метрлік Эйфель мұнарасының көшірмесі бой көтерген. 2007 жылы пайдалануға берілген жоба бүгінде қаланың көркіне айналды. Мұнараның айналасында француз үлгісіндегі шағын аудан бар — наубайханалар, кафелер және париждік үйлер фасады.

«Эйфелева башня» в Ханчжоу
Фото: X/@qikipedia

Шанхайдағы «Пиза мұнарасы»

Шанхайдың тұрғын аудандарының бірінде Италиядағы әйгілі Пиза мұнарасының көшірмесі орналасқан. Түпнұсқадан төрт есе аласа мұнара 7,1 градус бұрышпен салынған, бұл оған айқын танымалдық береді.

«Пизанская башня» в Шанхае
Фото: darkroom.baltimoresun.com

Ол тек көрікті нысан ғана емес, еуропалық стильдегі тұрғын кешеннің бір бөлігі.

Kazinform хабарлағандай, Луврдағы ұрлықты Париждің шет аймақтарындағы қылмыстық топтардың мүшелері ұйымдастырғаны анықталған.

Соңғы жаңалықтар