Танымайтын қызды алып қашпақ болған ақтөбеліктің ісі сотта қаралып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде сөз байласқан қалыңдығымен келіспей қалып, базар маңынан көріп қалған бойжеткенді алып қашпақ болған Санат Өмірзақовқа қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде «қыз алып қашу » оқиғасының соңы сотқа жетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша іс қозғалды. Бүгін осы іске қатысты сот отырысы басталды.
null

«Санат Өмірзақов 2013 жылдан бастап жүрген қызы яки болашақ қалыңдығымен сөз байласқан. Бірақ қыздың ата-анасы ол екеуінің отбасы құруына қарсы болды. Осыған байланысты ол қалыңдықты алып қашпақ болады. Қалыңдық та «алып қашуға» келісім берген екен. Осылайша Санат Өмірзақов қалаға келіп, сүйіктісіне хабарласады. Алайда Аманбекқызы «кішкентай бауырларымның қасында отырмын, оларды қарайтын ешкім жоқ» деп жауап қайтарған. Сол кезде ашуға булыққан «туған-туыстарымның, ағайымның алдында ұятқа қалдым» деген Санат Өмірзақов досы Алдаберген Жұмажановпен кездесіп, екеуі сыра ішеді. Отырыс барысында "қыз алып қашу" туралы ойын іске асырмақ болып, ауылға такси жалдап алады", - деді айыптау қорытындысын оқыған прокурор. Оның сөзіне қарағанда, жігіттер таксимен Ақтөбе қаласындағы Арай-1 базарына келіп, сол жерде кездескен 20 жастағы қызды көріп, «қалыңдық етіп алуға келетін қыз екен» деген ойға келеді. Осыдан соң Санат Өмірзақов қыздың белінен ұстап, машинаға күштеп салмақ болады. Алайда, сол кезде бойжеткенді базардың күзетшісі құтқарып қалған.

Айта кетейік, сот отырысы кезінде айыпталушы Санат Өмірзақов бар кінәны мойындады. Прокурор Асылхан Сәрсенбаевтың айтуынша, сот-медициналық сараптама кезінде 20 жастағы жәбірленушінің екі иығы қанталаған, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген деген шешім шығарылған. Сот отырысы жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар