Тараз қаласының әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жұма күні, 21 қаңтарда Таразда қала әкімі Бекболат Орынбековтің есеп беру жиналысы өтті, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

«Қала әкімдігінің қызметтері мен бөлімдері 2010 жылғы есептік кездесулерде халық тарапынан айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды жүзеге асыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді», - деп атап көрсетті қалалық әкімшіліктің басшысы өз сөзінде.

Есептік кезеңде шешімін тапқан мәселелердің қатарында облыс орталығындағы криминогендік жағдайды реттеу, абаттандыру, электр қуатымен жабдықтау мәселелері бар.

«Қала орталығындағы иесіз қаңырап тұрған бұрынғы дүкеннің ғимаратына қатысты айтылған сын-ескертулер бойынша учаскелік инспекторлар аталған учаскеде қылмыстардың алдын алу, округ бойынша патруль ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастырды. Содан бері ол маңда бірде-бір құқықбұзушылық факті тіркелген жоқ», - деді әкім өз сөзінде.

Есептік кезеңде сондай-ақ арықтарды тазалау, көшелерді жарықтандыру, қосымша фидерлер қосудың арқасында электр кернеуін қалпына келтіру мәселелері шешімін тапты.

Тараз әкімі қала тұрғындарын сонымен қатар, 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерімен және 2011 жылдың жоспарларымен таныстырып өтті.

Соңғы жаңалықтар