Таразда алаяқтарға көмек көрсеткен күдіктілер қолға түсті

ТАРАЗ. KAZINFORM – Таразда алаяқтарға SIM-карталар тауып беріп отырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда алаяқтарға SIM-карталар тауып беріп отырған күдіктілер ұсталды, алаяқ
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласында азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, SIM-карталарды тіркеп, криптовалюта арқылы табыс тапқан екі күдікті анықталды.

Олардың пәтерін тінту барысында телефондар, ноутбук және SIM-карталары тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында күдіктілер Telegram желісіндегі интернет-алаяқтардың топтарына қосылып, сол жерде жіберілген азаматтардың ЖСН деректеріне SIM-карталарды заңсыз тіркеп отырғаны анықталды.

Бұл нөмірлер арқылы алаяқтар азаматтарға хабарласып, түрлі қызмет өкілдері ретінде алдап, алаяқтықпен ақшаны заңсыз иемденіп отырған. Әрбір тіркелген нөмір үшін күдіктілерге 3-5 USDT көлемінде криптовалюта төленген.

Полиция азаматтарды күмәнді онлайн-жұмыстарға кірмеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Айта кетейік, СҚО-да жыл басынан бері интернет алаяқтықтың 110 дерегі тіркелді.

Ал Павлодарда алаяқтық жасаған адвокат сотталды.

Соңғы жаңалықтар