Таразда сейсмологиялық жағдай тұрақты

«21 қарашада Жамбыл облысының аумағында қауіпті сейсмологиялық құбылыстар туралы мәліметтер келіп түскен жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы маңында сағат 06:15, 06:46 және 08:35-те жерасты дүмпулері тіркелген. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, жер сілкіністерінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.
Қазақстандық сейсмологтар бүгін түнде үш жер сілкінісін: сағат 08:35-те Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 486 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,1, сағат 06:15-те Алматыдан батысқа қарай 473 шақырым жерде магнитудасы 5,1, сондай-ақ сағат 06:46-да Алматыдан 486 шақырым жерде магнитудасы 3,6 болған жер сілкінісі тіркелген. Бұған дейін, 17 және 19 қараша күндері Тараз тұрғындары қуаттылығы 3 балл болған жерасты дүмпулерін сезінген, олардың ошағы Қырғызстан аумағында және қытайлық Шыңжаң провинциясының оңтүстік бөлігінде орналасқан.