Таразда жаңа туған нәрестесін көшеге тастап кеткен әйел табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл полицейлері жаңа туған нәрестесін көшеге тастап кеткен әйелді тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы ІІД басшысының орынбасары, полковник Қалижан Шоңғарбаев хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, әйелді екі тәулік бойы іздеген. Ол баланы суық далаға қалдырып, өміріне қауіп төндірген. Жалғыз айғақ қыз бала оралған перзентхананың жаялығы болды.

Ұсталған ана жасаған әрекетін мойнына алды.

«Ол баланы бірге тұрғысы келмейтін ер адамнан туғанын айтқан», - деп түсіндірді Қ. Шоңғарбаев.

Қазір нәрестеге бір апта болды. Дәрігерлердің айтуынша, оған Нұрай деп есім берген. Оның жағдайы жақсарып келеді.

Еске салсақ, 11 желтоқсанда Тараз көшелерінің бірінде жүргінші бұталардың арасынан жылаған баланың дауысын еміс-еміс құлағы шалған. Оны қорапқа салып тастап кеткен. Қыз бала ол жерде бірнеше сағат жатып қалған. Қалалық балалар ауруханасына қатты суық тиіп түскен. Қазір Таразда күн суыта бастады. Түнгі уақыттарда жер қатады.

Соңғы жаңалықтар