Таразда 43 рет жылдамдықты арттырған жүргізуші ұсталды

ТАРАЗ. KAZINFORM — Тараз қаласында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жауапкершіліктен қашып жүрген «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөліктің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлады.

Таразда жылдамдықты 43 рет асырған жүргізуші ұсталды
Фото: Жамбыл облыстық ПД

Тексеру нәтижесінде жүргізушінің 43 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, олардың барлығы да жылдамдықты белгіленген нормадан асыру дерегі екені белгілі болды. Ол жол қозғалысы ережесін елемей, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың өміріне қауіп төндірген. Құқық бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Жалпы, жыл басынан бері «Борышкер» іс-шарасы аясында 5 353 автокөлік айып тұрағына жеткізілген.

— Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жылдамдық режимін бұзбауға шақырады. Жылдамдықты асыру — жол-көлік оқиғаларына әкелетін негізгі себептердің бірі, — делінген ақпаратта.

Еске салайық, Таразда тұрғындардың мазасын алған полиграфия әр талап қоюшыға 500 мың теңгеден өтемақы төлейді

Соңғы жаңалықтар