23:52, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Тараздықтар Астанада көз жұмған 5 баланың рухына тағзым етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз жұрты Астанада өрт салдарынан көз жұмған 5 баланың рухына тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараз жұрты Астанада көз жұмған бүлдіршіндермен қоштасу рәсімін өткізіп, гүл шоқтарын қойды», - делінген әкімдік хабарламасында.
Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылдары туған 5 қыз баланың денесі табылды.
Қайғылы оқиға кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған. Бүгін 5 баланы елордалықтар ақтық сапарға шығарып салды.
Сондай-ақ, Елбасы өртте қаза болған балалардың отбасына көңіл айтты.