Тараздың Орталық базары астында елеусіз жатқан ескі қала Жамбыл облысының брэндіне айналуы мүмкін - Жамбыл облысының әкімі

ТАРАЗ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Тараздағы Орталық базар астында елеусіз жатқан ескі қала Жамбыл облысының брэндіне айналуы мүмкін», -
None
None

деді дүйсенбі күні халық алдында есеп берген Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Аймақ басшысы қазіргі таңда Тараздың Орталық базары маңында орын алып отырған аумақтың сын көтермес жағдайына тоқталды. «Сондай-ақ базар жанында орналасқан Жамбыл алаңының маңындағы автокөлік кептелістері де ыңғайсыздық тудырып отыр», - деді Қ.Бозымбаев. Сонымен қатар ол Орталық базарды қала сыртына көшіру туралы шешім қабылданғанын және ол шешім өзгертуге жатпайтынын қадап айтты.

«2010 жылдың наурыз айында жерді тәркілеу туралы алдын ала ескерту жасалған, заң бойынша бір жыл өтті, енді біз базарды көшіру керек пе, жоқ па деген мәселені талқыламайтын боламыз», - деді әкім.

"Орталық базардағы жер иелеріне жаңа базардан бұрынғы орындарынан бір жарым есе үлкен аумақ берілетін болады", - деп атап өтті өңір басшысы.

Қ.Бозымбаевтың айтуынша, Орталық базардың орнында археологиялық қазбалар жүргізіледі, содан кейін бұрынғы базар орнындағы Тараз қаласының тарихи жерінде шетелдік туристерді Таразға тартатын, Жамбыл облысының брэндіне айналатын «ашық аспан астындағы қала-мұражайын» ашу көзделіп отыр.

«Өңірдің туризмін дамыту мәселесі жауапсыз қалып отыр. Алайда біз шетел саяхатшылары көпжылдық тарихы бар Таразға келуі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар