«Tartyl Fest»: ақтөбелік жеңімпаздар анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Tartyl Fest» фестивалі аяқталды. Жеңімпаздар белгілі болып, марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Tartyl Fest»: ақтөбелік жеңімпаздар анықталды

«DARA» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған фестиваль ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта өтті. Ұйымдастырушылардың бірі Еркін Ташевтің айтуынша, қатысуға онлайн тіркелген тұрғындар 500-ге жуық болса, нақты салмақ өлшеп, алаңға келгені 400-ге жуықтайды.

Жергілікті уақытпен сағат 18:00-де халық жиналып, қатысушыларға қолдау білдірді. Спортшылар арасында бірге бақ сынаған отбасы мүшелері де бар.

Сонымен, жеңімпаздар: 18 жасқа дейінгі қатысушылар арасында (салмағы 55 келіге дейін) 1-орынды Арман Салкимбай иеленді. Ал, салмағы 55-70 келі болатын қатысушылар арасында Сағыныш Өтіп алға шықты. Сонымен бірге, 70 келіден асқан спортшылар арасында Әлім Оспанов үздік көрінді. Олардың әрқайсысы 200 мың теңге сыйақы алды.

18-30 жас аралығындағы (65 кг) спортшылар арасында:

1-орын - Қанат Құлметенов 33 рет

2-орын - Саламат Ізімғалиев 31 (18) рет

3-орын - Бақтияр Сагиданов 31 (16) рет

18-30 жас аралығындағы (65 - 80 кг) спортшылар арасында:

1-орын - Қанат Бекбауов 31 рет

2-орын - Ізбасар Әділет 29 рет

3-орын - Нұрбол Темірбеков 28 рет

18-30 жас аралығындағы (80 кг жоғары) спортшылар арасында:

1-орын - Бейбарыс Бектұрсынов 31 рет

2-орын - Абылайхан Казенов 25 (26) рет

3-орын - Данияр Бақытжан 25 (23) рет

30 жастан жоғары (80 кг дейін) спортшылар арасында:

1- орын - Мирлан Сауғанов 36 рет

2-орын - Серік Бекниязов 35 рет

3-орын - Тұрлан Салкимбаев 32 рет

30 жастан жоғары (80-90 жасқа дейін) спортшылар арасында:

1-орын - Жасұлан Жакупов 25 (21) рет

2-орын - Берікбол Өмірсеріков 25 (19) рет

3-орын - Нұрлан Искалиев 24 рет

30 жастан жоғары (90 келіден асқан) спортшылар арасында:

1-орын - Жангелді Жарылғапов 20 рет

2-орын - Ринат Құлмұхамбетов 18 (20) рет

3-орын - Бердібек Килибаев 18 (19) рет

Еске салайық, «Tartyl Fest» турникте тартылудан республикалық спорт фестивалі​ Қонаев​ қаласында басталған болатын. Кейін​ Түркістанда,​ Талдықорған,​ Алматы,​ Тараз,​ Шымкент,​ Ақтау,​ Қызылорда,​ Атырау​ қалаларында жалғасын тапты.

Әр қаладағы жүлде қоры: 1-орын – 200 мың теңге; 2-орын – 100 мың теңге; 3-орын – 50 мың теңге.

Гранд-финал елордада 8 қыркүйек күні өтеді. Оның жүлде қоры: 1-орын – 3 млн теңге; 2-орын – 2 млн теңге; 3-орын – 1 млн теңге.