Ташкентке жақын маңда жер сілкінді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 19 қазанда жергілікті сағат 01:32-де Өзбекстанда 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото: aa.com.tr/ru

Сейсмологиялық мониторинг республикалық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Ташкент облысындағы Уртачирчик ауданында болған.

Ташкент қаласынан 30 шақырым, ал Нурафшаннан 4 шақырым қашықтықта орналасқан эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы - 3,6. Ошақтың тереңдігі - 10 шақырым.

2 балдық жер асты дүмпулері Нурафшанда және оған жақын маңдағы аудандарда сезілді.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 қазан күні Астана уақытымен сағат 03:23-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан. Қарқындылығы (балмен) Алматыда 2 балл болды.

Соңғы жаңалықтар