Ташкентте 157 жыл ішіндегі ең жоғары температура тіркелді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасында 4 шілдеде көлеңкеде ауа температурасы 43,5 градусқа жетіп, соңғы 157 жылдағы рекорд жаңарды. Бұл туралы Uzb_Meteo Telegram-каналы мәлімдеді.

Ташкентте 157 жыл ішіндегі ең жоғары температура тіркелді
Фото: Рixabay

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 1868 жылдан бері дәл осы күнге тіркелген ең жоғары температура саналады.

Сонымен бірге, Ташкенттің абсолюттік температура рекордына небәрі 1 градус жетпей қалды: 1997 жылдың 18 шілдесінде қалада 44,6 градус тіркелген болатын.

Ұқсас температуралық рекорд Наманган облысында да орнаған болуы мүмкін — мұнда 42,6 градус тіркелді. Бұл 2007 жылдың маусымында болған алдыңғы максимумнан 0,1 градусқа жоғары.

Өзбекстан аумағына қатты ыстық 2 шілдеде Ауғанстан мен Түрікменстан жақтан келген. Елдің оңтүстік аймақтарында аптап ыстық болған, әсіресе Термездегі температура 43 градусқа жеткен. Навоий облысының шөлді жерлерінде ауа 47 градусқа дейін қызған.

Синоптиктердің болжауынша, 6 шілдеден бастап республикада күн біртіндеп салқындай бастайды.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 5 адам қаза тапқанын жаздық.

Аптап ыстыққа байланысты Швейцария атом электр станциясын уақытша жауып тастады.

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары аптап ыстықта басқа күн өтуден қалай сақтану керектігін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар