Тасқын су басқан 40 білім ошағының 5-і ғана қалпына келтірілген

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде еліміз бойынша 280 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

мектеп
Фото: gov.kz

«222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін аяқталуы тиіс. Ал, 58-де құрылыс-монтаждау жұмыстарының белгіленген мерзімдеріне сәйкес аяқтау көзделген. Сонымен қатар, министрлік жүргізген мониторинг шеңберінде 15 нысанды күрделі жөндеу уақтылы аяқталатынына күмән бар. Бұл Қарағанды, Алматы, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласындағы мектептер», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, министр көктемде су басқан өңірлердің оқу жылына дайындығы туралы айтты. 

«Тасқын су басқан өңірлерде 40 білім беру нысаны (11 балабақша, 22 мектеп, 7 қосымша білім беру нысаны) зардап шекті. Бүгінде 5 білім нысаны бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды және 16 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 19 нысан бойынша қалпына келтіру жұмыстарының уақтылы аяқталатынына күмән бар», - дейді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар