Тасқын судың ортасында қалған 25 түйе құтқарылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Шалқар ауданы, Бүйректөбе (67 разъезд) елді мекенінде түйелердің су ортасында қалып қойғаны туралы ақпарат түскен.
Жедел топ оқиға орнына барған кезде ірі қараға көмек керек екені белгілі болып, жәрдем берді.
Құтқарушылардың күшімен 25 түйе малы қауіпсіз аймаққа шығарылды.