Тау шаңғысы: Александрa Скороходова Германиядағы FIS турнирінде үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы тау шаңғысы спортынан Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өткен FIS халықаралық турнирінде өнер көрсетті. 

Тау шаңғысы: Александрa Скороходова Германиядағы FIS турнирінде үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК

Бұл жарыста Александрa Скороходова мен Ростислав Хохлов бақ сынады. Сондай-ақ олар 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Скороходова үлкен жылдамдықпен төмен түсу сайысында 8-орынға тұрақтады. Ал супер гигантта қазақстандық спортшы 6-орынға ие болды.

Ерлер арасында Хохлов үлкен жылдамдықпен төмен түсуде екі мәрте бақ сынап, 12 және 15-орындарға жайғасты. Ал супер гигантта 23-ші нәтиже көрсетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 2 медальмен аяқтағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар