Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Ақжайықта толымды істер атқарылады - БҚО

ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай толымды істер атқарылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Абай Иманғалиевтің қорытынды есептік кездесуінде айтылды.
None
None

Әкімдер есебі жасалған іс пен атқарылмақ шаруаларды тізіп өтуімен емес, оның пайдалы жақтары мен халық үшін маңыздылығын зерделеуімен де құнды. Жыл ішінде Ақжайық ауданында да жаңа нысандар іске қосылып, ел көңілінен шыққан шаралар өткізілді. Қазақтың ақиық ақыны Ж.Молдағалиевтың 90 жылдығы тұсындағы мәдени шаралардың мазмұны ел есінде мәңгі қалмақ. Биылғы жыл да елеулі оқиғаларға толы болмақ. Айталық, Ақсуат және Сайқұдық ауылдарында жаңа мектеп үйін салу қолға алынбақ. Базартөбе, Есенсай, Жайық, Жанама ауылдарында бос ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, балабақша ашу үшін жобалық сметалық-құжаттамалар әзірленуде. Елді мекендерді газдандыру жалғасын таппақ. Мысалы, Томпақ елдімекенінің тұрғындары көгілдір газ жүйесіне алғашқылардың бірі болып қол жеткізбек. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынбақ. Мұның аясында азаматтардың денсаулықтарына жауап беретін құрылымдардың бірлескен жұмыстарының, секторлық және ведомоствоаралық іс әрекеттердің тиімділігін арттыру көзделген. Медициналық жоғарғы оқу орындарында оқитын 174 студентпен байланыс жасау арқылы елге тарту да - жақсылықтың жалғасы.

Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауы халқымыздың кең қолдауына ие болып отыр. Сол Жолдауда: «Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік», делінген. Демек, ақжайықтықтардың бүгінгі ісі мол, атқарары әлі алда. Ал бұл істің бәрі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына лайықты табыс болар еді.

Жиынға қатысқан ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Алтай Көлгінов, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен ауыл-ел алдында биыл да маңызды міндеттер тұрғанын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар