Тәуелсіздіктің батыл қадамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы айтқанындай, ХХІ ғасырға халықаралық қоғамдастық тек көп полярлы ғана емес, сондай-ақ көп ядролық әлем болып аяқ басқан еді.
None
None

Бүгінде ядролық егес жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Әлем ірі державалар арасындағы қырғи-қабақ тайталастың жаңа айналымына әзірленуде. Демек, адамзат ядролық қарусыздану бағытындағы қозғалыстың қуат-қарқынын да үдеткені - өмірлік маңызды мәселе. Әйтпесе келесі ядролық қақтығыс өркениеттің, тіпті барша адамзаттың жойылуына соқтыруы мүмкін, деп жазады aikyn.kz.

«Таңдау оншалық көп те емес. Не сайып келгенде, нақты, шынайы әрі жаппай ядролық қарусыздану, не ерте ме, кеш пе, аймақтық, содан кейін ғаламдық деңгейдегі ядролық Ақыр­заман!» дей келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» кітабында ұжымдық күш-жігер әлеуеті әлі сарқыл­ма­ғанына үміт білдіреді және жаһан жұртшылығын өзара тү­сіністік пен бейбіт реттеу ауанын сан рет еселей түсуге үндейді. 
Кеше Орталық коммуникациялар қызметі «БҰҰ-ның Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күніне және Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына» арнап, өткізген брифингте Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков еліміздің басты құндылығы адам мен адам өмірі, сондай-ақ тұрақтылық пен келісім екендігіне тоқтала келе, Қазақстанның бүкіл әлемге де соны тілейтінін айтты. 
- 2016 жыл - еліміз үшін ерекше маңызды, тарихи жыл болғалы тұр. Өйткені ғасырлар бойы тәуелсіздігін аңсаған халқымыздың өз мақсатына, арманына жеткеніне биыл 25 жыл толады. Осы қысқа мерзімде Қазақстан толықтай тұғырлы, дербес, егеменді мемлекет болып қалыптасты, орнықты, экономикалық, әлеуметтік дәрежесі қарқынды дамып, мәдени, білім, ғылым салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Ең бастысы, көпэтносты елімізде саяси тұрақтылық, түсіністік, сыйластық, ынтымақтастық орнаған. Қазақ­стан­ның осындай тарихи жетістіктері әрине, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұстанған, табанды жүргізген сындарлы, болжамды ішкі және сыртқы саясатының тікелей нәтижесі, жемісі! - деді сөз басында сенатор.
Ол Мемлекет басшысының тарихи шешімінің бірі - «осыдан 25 жыл бұрын Кеңес үкіметінің аса ықпалды әскери-өнеркәсіп күшіне тойтарыс бере отырып, әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонын түбегейлі жабуы» болғанын қаперге салды. Бұл шешім бүгінгі тарихшылардың сөзімен айтсақ, «Қазақстан үшін түпкілікті егемендік пен тәуелсіздікке қарай жасаған аса батыл қадам болды».

Семей өңірінде қырық жылдан астам уақыт ішінде атмосферада, жерде және жер астында 470-ке жуық жойқын сынақтар жасалды. Бұл - ядролық қару пайда бол­ғалы бүкіл әлемде жасалған сы­нақ­тардың тең жартысы екен! Яд­ролық радиация Қазақстан­-­ның бірнеше өңірінің жерін, өзен-көлдерін улап, айналасын­дағы барша тіршілікті біртіндеп жоя бастады. Сынақ аймағындағы 1,5 миллионға жуық тұрғын­дар­дың тағдырына үлкен нұқсан кел­тірді, көпшілігін жарымжан етіп, денсаулықтарын жойды. Осы по­лигонның зардабы әлі күнге дейін сезілуде. 
Жалпы, Семей полигонының жабылуымен бірге «ядролық қа­руды таратпау және қарусыз­дан­дырудың әлемдік процесінің жаңа тарихи кезеңі» басталды. Осы ретте ел Президентінің ше­шімімен Қазақстан ядролық қа­рудың әлемдегі төртінші арсена­лынан да өз еркімен бас тартқа­нын ерекше атап өтуіміз керек. Сонымен қатар, сол кезеңде елдің көптеген аймақтарында орналас­тырылған ядролық қару түрлері мен оларды жеткізу құралдарын ел территориясынан толықтай және біржола шығару туралы ше­шім қабылданды. Осы шешімдер қысқа мерзімде толықтай іске асы­рылып, Қазақстан әлем та­рихында ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш ел болды. Айта кету керек, ел Президентінің осынау аса маңызды шешімі әлем­нің әр түкпіріндегі қалған 
4 ядролық сынақ полигондары­ның тоқталуының негізін қалады. Енді, міне, осы тарихи оқиғалар­дың басталуына 25 жыл толып отыр. 
- Әлі де жаһанда адамзат баласына төнген ядролық қауіп азаяр емес. Өйткені, бүгінде әлемдегі жетекші, ықпалды, эко­номикалық әлеуеті мықты ел­дердің арасында сенімсіздік, тү­сініспеушілік, саяси бәсекелестік арта түсуде. Ең қауіптісі, II Дүние­жүзілік соғыстан кейінгі қалып­тасқан халықаралық құқық нор­ма­лары бұзыла бастады. Міне, осындай жағдайда келер ұрпақ­тың болашағына, тағдырына алаң­даушылықтан, жауапкерші­ліктен туған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін Мемлекет басшысы үстіміздегі жылы Вашингтонда өткен антиядролық саммитте жария етті, әлем жетекшілеріне ақыл-парасатқа жүгініп, болашақ бейбіт өмір үшін бірлесіп нақты істер атқару керек екендігін тағы да естеріне салды, ескертті, - деді Икрам Адырбеков.
Бұл аса өзекті құжат халық­аралық қоғамда қызу талқыланып, қолдауға ие болды және БҰҰ Бас Ассамблеясының, БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің ресми құжаты ре­­­тінде танылып отыр. Қазақстан басшысының ұсынысымен 2015 жылы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ядролық қарусыз әлем құру» туралы жалпыға ор­-тақ декларация қабылдады. «Қа­зіргі кезде жаһан жұртшылығы Н.На­зар­баевты ядролық қарусыз әлем құру жөніндегі халықаралық қозғалыстың көшбасшы ретінде мойындайды» деп түйді сенатор И.Адырбеков.
Ал Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның бастамалары - ядро­лық қарусыздану тарихын­дағы теңдесі жоқ жобалар екенін мәлімдеді. 
- Қазақстан бүкіл әлемде бей­бітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік идеяларын жақ­таушы және оларға өмірге жол­дама беруші ретінде мәлім, - деді еліміздің сыртқы саясат ведом­ство­сы басшысының орынба­сары. - Еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылы үдерінде ұдайы түрде халықаралық қоғамдастық тара­пынан сұранысқа ие бастама­лар­мен шығып келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 та­мыздағы тарихи Жарлығымен Се­мей ядролық полигонын жа­буы және ізінше, қуаты алапат ядролық қарудан ерікті әрі то­-лық бас тарту туралы батыл ше­шімі - Қазақстанның және же­келей алғанда, Мемлекет басшы­сының жаһандық қарусыздану процесіне қосқан бірегей үлесі болды. Бұл теңдессіз қадамдар осы саладағы қозғалыстың жаңа парадигмасының негізін қалады. 
Өз сөзінде Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Қазақ­станның жаһан жұртшылығына ұсынған ең ауқымды бітімгер­шілік бастамаларына тоқталды. Осы орайда Қазақстанның бүкіл Орталық Азияны ықтимал ядро­лық шабуылдан қорғап қалуын жеке атап өткен жөн. Р.Василен­коның айтуынша, біздің ел баста­масымен 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру туралы келісімге қол қойылды. Осыған орай БҰҰ ая­сында ядролық қаруы бар әлем­дегі ірі бес держава осы аймақ­-тағы елдерге күш қолданбай­тын­дарына кепілдік берді. 
Адамзаттың бейбіт те бақуат­-ты болашағын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды істің ұс­ты­нын Астанада алдағы дүйсенбіде ашылатын жаһандық жиын бекіте түсуге тиіс. Роман Василенконың дерегінше, Семей полигоны жа­былған күні өткізілетін «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықара­лық конференциясына 50-ден астам елден 200-ден аса тұлға қа­тысады деп күтілуде. Олардың арасында 31 парламенттер депу­таттары, 11 үкімет өкілдері, сон­дай-ақ, жаппай қырып-жою қа­руы­на қарсы күреске белсенген 7 халықаралық ұйымның, ха­лықа­ралық үкіметтік емес ұйым­дардың 85 өкілі бар.

 

Соңғы жаңалықтар