08:20, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылында Павлодарда ағаштар егіліп, шағын аудандар жарықтандырылады
ЛОДАР. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығында Павлодарда 3 500 ағаш отырғызылып, бұталардан 3 000 метрлік қоршаулар жасалады,
деп мәлім етті халықпен өткен кездесуі барысында Павлодар әкімі Бақытжан Жоламанов.
Шағын аудандарды жарықтандыру үшін облыстық және қалалақ бюджеттен 50 млн. теңге қаражат бөлінеді, сол арқылы Екінші Павлодар көшесін жарықтандыру мәселесі шешімін таппақ.
Ал 47 ауланы жөндеуден өткізу мен абаттандыру үшін 230 млн. теңге көлеміндегі шығын қарастырылған.