Тайландта 30 қабатты мұнараның құлауы: Қытай мемлекеттік компаниясына айып тағылды
АСТАНА. KAZINFORM – Тайландтың мемлекеттік прокурорлары Қытай мемлекеттік компаниясы мен танымал құрылыс магнатын қоса алғанда 23 жеке тұлға мен компанияға Бангкоктегі жер сілкінісінен соң қираған ғимаратқа байланысты ресми түрде айып тақты, деп хабарлайды Nation Thailand.

Күдіктілердің ішінде Тайландтың ең ірі құрылыс компанияларының бірі - Italian-Thai Development Премчай Карнасута мен Қытайдың China Railway компаниясы бар. Оларға құрылыс стандарттарын сақтамады және жалған құжаттармен байланысты айып тағылып отыр.
Алдын ала тергеу ғимараттың жобалау мен құрылыс барысындағы кемшіліктердің салдарынан құлағанын көрсетті. Сондай-ақ құрылыс барысында пайдаланылған материалдардың сапасы мен технологиялық процестер барысында да олқылықтар анықталды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 28 мамырында Бангкоктегі Мемлекеттік аудит басқармасының алаңы Мьянмада болған қуатты жер сілкінісінен қирап қалды. Соның салдарынан 92 адам мерт болып, 9 адам жарақат алды, 4 жұмысшы із-түзсіз кетті.
30 қабатты мұнара қирардың алдында 30 пайызға дайын болған және бұл Тайландта жер сілкінісі салдарынан қираған жалғыз ғимарат ғимарат болып отыр. Сонымен қатар бұл Тайланд тарихындағы адам ең көп құрбан болған қайғылы оқиғалардың бірі.
Осыған дейін Таиландтың ішкі істер министрі Анутин жойқын зілзала кезінде опырылып құлаған 30 қабатты ғимаратқа қатысты тергеудің нәтижесі жеті күн ішінде белгілі болатынын мәлімдегені туралы жаздық.