Тайваньда 6,3 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Cейсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:26-да Тайвань аралындағы Хуалянь уезінің жағалауында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі жазды. 

жер сілкінісі
Фото: aa.com.tr/ru

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 23,70 градус және шығыс бойлық 121,68 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентрі 10 км тереңдікте жатқан.

Хуалянь қаласында 350 000 халық тұрады.

Соңғы жаңалықтар