Тазабек бастаған топ Backstreet Boys концертінен кейін стадионды тазартты

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Backstreet Boys концертінен кейін көрермендер елді таң қалдырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тазабек
Фото: Астана әкімдігі

«Астана Арена» стадионында өткен әйгілі Backstreet Boys тобының концертінен кейін көрермендер мәдениеттілік пен жауапкершіліктің ерекше үлгісін көрсетті. Олар еріктілермен бірге трибуналарды тазалауға көмектесті.

Астанада Backstreet Boys концертінен кейін көрермендер елді таң қалдырды
Фото: Астана әкімдігі

Көрермендер орындарынан тұрып, жерде жатқан пластик бөтелкелерді, қағаздарды және өзге де қалдықтарды жинады.

Акцияға балалар мен ересектердің сүйіктісіне айналған экологиялық кейіпкер Тазабек те қатысты. Ол өзіне тән костюмімен қоқыс жинауға атсалысып қана қоймай, көрермендерді өзіне баурап, тазалық шарасын ерекше көңіл күйге бөледі.

Астанада Backstreet Boys концертінен кейін көрермендер елді таң қалдырды
Фото: Астана әкімдігі

Концерттің осындай іс-шарасы арқылы тазалық пен мәдениеттілік насихатталды.

Бұдан бұрын Kazinform тілшісі Backstreet Boys тобының Астанадағы концерті қалай өткенін хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар