Тәжікстан азаматшасы пойызда шамамен 4 килә 700 грамм героин есірткісін алып өтпек болды

Есірткі заты азық-түлік салынған дорбаға жасырынған екен. Ұсталған азаматшаның айтуынша, есірткі заттарын оған тәжік елінің Канибадам қаласында бір әйел табыс етіп, оны Мәскеу қаласына дейін жеткізсе, 15 мың рубль қаржыға ие болатынын айтқан екен. 700 грамм героин тез дайындалатын кеспе салынған қорапшаларға салыныпты.
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұсталған Тәжікстан азаматшасына қатысты ҚР ҚК екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматша уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалпы жыл басынан бері Көліктегі Батыс ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 61 есірткі қылмысын анықтады, оның 17-і есірткі заттарын сатуға, ал 16 фактісі есірткі контрабандасына байланысты. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткі тасымалдағаны үшін ТМД елдерінің 19 азаматы ұсталды. 19 киләдан астам есірткі заттары тәркіленді, соның ішінде, 2 килә героин, 7 килә наша мен 10 килә марихуана да бар.