Тәжікстан және Қырғызстан шекарасы аумағында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан 510 шақырым жерде, Тәжікстан және Қырғызстан шекарасы аумағында жер сілкінді.
None
None

«29 маусым күні Алматы уақытымен 03 сағат 38 минут 01 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 510 шақырым жерде, Тәжікстан және Қырғызстан шекарасы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,7. Тербелісі - 5,8. Зілзала кіндігінің координаттары 39.44° с.е. 73.43° ш.б. Тереңдігі 0-5 км. Сезілуі (МSК-64 бағанымен) туралы ақпарат жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар