Тәжікстанда тағы да бірнеше рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 23 ақпан күні Алматы уақытымен 14:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 606 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.0. MPV магнитудасы – 5.0. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, бүгін Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді. Сосын тағы да тағы да 5,6 балдық жер сілкінді.
Соңғы жаңалықтар