22:02, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Тәжікстанда тағы да жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда бір тәулік ішінде бесінші рет жер сілкінді.
Алматы уақыты бойынша 21:23-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-бастысқа қарай 608 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы -11,4, магнитудасы - 5.3. Тереңдігі - 10 км.
Алматыда жер асты дүмпуі МSК-64 шкаласы бойынша сезілген жоқ.