Тәжікстан басшысы тәжік-ауған шекарасында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM — Эмомали Рахмон Ауғанстанмен шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Шенеуніктердің хабарлауынша, соңғы аптада Ауғанстан тарапынан Тәжікстанға екі рет оқ атылды, салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.
— Мемлекет басшысы Эмомали Рахмон Ауғанстан азаматтарының заңсыз және арандатушылық әрекеттерін қатаң айыптап, жауаптыларға жағдайды шешу және мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды, — деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 26 қарашасына қараған түні Хатлон облысындағы «Ёл» шекара отрядының жауапты аймағында орналасқан «Шохин СМ» алтын өндіру зауыты қызметкерлерінің базасына Ауғанстаннан қарулы шабуыл жасалды. Шабуыл атыс қаруы мен гранаталармен жабдықталған пилотсыз ұшу аппаратын қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Алдыңғы жексенбіде Хатлон облысының Дарваза ауданында қарулы адамдардың шабуылы кезінде екі қытайлық жол жұмысшысы қаза тапты. Шабуыл ауған тарапынан жасалған деп хабарланды.