Тәжікстанда динозаврдың бас сүйегі табылды

АСТАНА.KAZINFORM - Ресейлік палеонтологтар Тәжікстаннан үйрек тұмсықты динозаврдың бас сүйегінің сынығын тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Череп утконосого динозавра обнаружили в Таджикистане
Фото: avesta.tj

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің мәліметінше, мұндай жаңалық бұл аймақ үшін өте сирек кездеседі.

-Сүйек өте жақсы сақталған, бұл бізге динозаврдың қай топқа жататынын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мамандар үлгіні басқа елдердегі коллекциялармен салыстыра отырып, егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Санкт-Петербург мемлекеттік университеті.

Бұған дейін Тәжікстанда, Соғды облысының Кансай ауылында 85 миллион жылдық динозавр қалдықтары табылған болатын.

Бұған дейін Қызылорда облысында динозавр сүйегі табылғаны хабарланды. Қызылорда облыстық тарих және өлкетану мұражайының мамандары Шах-Шах шатқалында табылған қалдықтар мезозой дәуірінің бор кезеңінде өмір сүрген динозаврға тиесілі болуы мүмкін екенін хабарлады.

Сондай-ақ, Африка мен Оңтүстік Америка ғалымдарының бірдей динозавр іздерін тапқанын хабарладық. Зерттеу динозаврлардың Бразилия мен Камерун арасында шамамен 120 миллион жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар