Тәжікстанда магнитудасы 4.9 жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 19 ақпан күні сағат 10:28–де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

жер сілкінісі
Фото: Freepik

Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 628 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,1. Магнитудасы MPV 4.9. Эпицентр координаттары 39,03° с. е. 71,86° ш. б. Тереңдігі 30 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Бұған дейін қазақстандық сейсмологтардың Қытайдағы жер сілкінісін тіркегені туралы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар