Тәжікстандағы жер сілкінісі Қырғызстанда сезілді
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз-тәжік шекарасына жақын жерде болған жер сілкінісі Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 14:08-де сезілді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қырғыз Республикасы ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, Тәжікстан аумағында магнитудасы 5 балдық ер сілкінісі тіркелді. Ош облысының Алай ауданындағы Бор-Дебе ауылында жер сілкінісі 4 балды құрады, ал Қара-Кіндік және Нұра елді мекендерінде 3,5 балға дейін жеткен.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат анықталып жатыр.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 4 мамыр күні сағат 11:45-те жер сілкінісін тіркеді.
Ал бүгін Алматыдан 544 км қашықтықта жер сілкінді.
Бұған дейін Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен кейін қала сыртындағы үйлерге сұраныс күрт артқанын жазған болатынбыз.