Тәжікстандағы жер сілкінісінен Өзбекстанда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін таңертең Ташкент қаласы мен Өзбекстанның басқа аймақтарында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар хабарлады.

Сағат 08:47-де Тәжікстанның Лахш ауданында жер сілкінісі болып, оның дүмпуі Ташкент және Өзбекстанның өзге де өңірлерінде сезілді.
ТЖМ Республикалық сейсмологиялық мониторинг орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 31 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 15 шақырым, магнитудасы - 5,4 бірлік.
Салдарынан Ташкент пен Сырдария облыстарында – 2, Андижан, Наманған және Ферғана облысында 3 балдық жерасты дүмпулері сезілді.
Қоса кетсек, осыдан бірнеше апта бұрын да Өзбекстан аумағында 2 балдық жер сілкінісі болған еді.