Тбилисиде арнайы жасақ шерушілерді суатқыштар және көзден жас ағызатын газ қолданып, таратты
АСТАНА. KAZINFORM – Грузия астанасындағы жаппай наразылықтың оныншы күні арнайы жасақ шерушілерді суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданып, таратты, деп хабарлайды DW.

Грузия астанасында арнайы жасақ соңғы үш күнде алғаш рет суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданып, Руставели даңғылында шеруге шыққандарды тарата бастады. Бұл туралы 7 желтоқсан, сенбіге қараған түні «Грузия Online» порталы хабарлады. Басылымның мәліметінше, таратуға шерушілердің пиротехникалық заттарды қолдануы себеп болған.
Грузия парламенті орналасқан даңғылдағы шеруді полиция тарата бастағаннан екі жарым сағат өткен соң ешкім қалмады. Кейбір наразылық білдірушілер қала жағалауына көшті. Сонда демонстранттар мен белгісіз адамдар арасында төбелес болған.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили X әлеуметтік желісінде премьер-министр Ираклий Кобахидзенің Тбилиси көшелеріндегі зорлық-зомбылық тоқтады деген сөзіне пікір білдірді.
– Өтірік пен цинизм! Егер «көшедегі зорлық-зомбылық тоқтаса», онда бүгінгі қатыгездіктің мәні неде? Анасынан балаларды ұрлау ма? Әйелдерден кек алу ма? – деп жазды ол.
Lies and cynicism!
— Salome Zourabichvili (@Zourabichvili_S) December 6, 2024
If “violence has stopped” in the streets, what is the purpose of tonight’s brutal raid? Abducting a child from their mother? Taking revenge on women? pic.twitter.com/UhL1yLpDyA
Бұған дейін жаппай наразылық шерулері болып жатқан Грузияда жүрген қазақтар елдегі жағдай туралы айтқан болатын.
Грузин оппозициясы биліктің ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді 2028 жылға дейін тоқтату туралы шешіміне наразылық білдіріп жатыр.