Тбилисидегі шерудің үшінші күнінде 44 адам жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM – Олардың 27-сі наразылық акциясына қатысушылар, 1 журналист және 16 Ішкі істер министрлігінің қызметкері, деп хабарлады Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің ресми аккаунты. Ондаған адамға оқиға орнында көмек көрсетілді, деп хабарлады ВВС.

Шерушілерге қарсы су шашу, көзден жас ағызатын газ және түтін бомбалары қолданылды. Шерушілер полицияға қарай отшашу мен фейерверк арқылы жауап қайырған.
- Тбилисидегі үшінші түнгі наразылық шараларынан кейін 50 адам ұсталды, осылайша жалпы ұсталғандар саны 200 адамға жетті, - деп хабарлады «Рустави 2» телеарнасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Грузия астанасында наразылық шеруі болып жатқанына бүгін – төртінші күн. Олар премьер-министр Ираклий Кобахидзе Грузияның 2028 жылдың соңына дейін Еуропалық Одаққа қосылу туралы келіссөздерден бас тартқанын жариялағаннан кейін басталды.
Осылайша наразылыққа Кобахидзенің 28 қарашадағы мәлімдемесі себеп болды. Оның айтуынша, биліктегі «Грузин арманы – Демократиялық Грузия» партиясы 2028 жылдың соңына дейін Еуропалық Одаққа кіру туралы келіссөздер мәселесін күн тәртібіне қоспау және қоғамдастықтың барлық бюджеттік грантынан бас тарту туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, бұған дейін Грузияда митингіге шыққандар парламент ғимаратын өртегенін жазған едік.